«ЭКСПО» көрмесінің жабылу салтанатын кез келген адам тамашалай алады

90

0

Осы жексенбіде, яғни 10 қыркүйек «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің жабылу салтанаты өтеді. Іс-шараның ресми бөлімі Конгресс орталығы ғимаратында өтеді, алайда Амфитеатр сахнасынан сағат 20:00-ден 20:50-ге дейін трансляция жүргізіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
10 қыркүйекте көрме штатты режимде жұмыс істейді, барлық павильон қонақтарды 09:30-дан 20:00-ге дейін қабылдайды. Айта кетерлігі, көрмеге кіру аумағы алдындағы ресми билет кассалары 09:00-ден 18:30-ға дейін және 22:00-ден 00:30-ға дейін ашық болады. Ал, 19:00-ден 22:00-ге дейінгі уақыт аралығында көрменің барлық кіреберісі жабылады. Оңтүстік және батыс кіреберістері сағат 22:00-ден бастап қайта ашылады және қонақтарды 01:00-ге дейін қабылдайды.
Павильондар атриумы 22:00-де ашылып, 02:30-ға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында халықаралық павильондар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады. Көрме кешені аумағындағы мейрамханалар мен тамақтану орталықтары кешкі 22:00-ден түнгі 02:30-ға дейін жұмысын жалғастырады.
Концерттік бағдарлама сағат 18:00-ден 20:00-ге және 21:00-ден 23:10-ға дейін Амфитеатр сахнасында өтеді. Концертті «ЭКСПО-2017» көрмесіне кіру билеті арқылы тамашалай аласыз. Көрменің жабылу салтанатына арналған салют сағат 21:15-те басталады.
Естеріңізге салайық, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі осы жылдың 10 маусымында басталған болатын. «Болашақ энергиясы» тақырыбын арқау еткен көрме энергетика саласының қазіргі кездегі жаһандық мәселелерін қамтыды. Көрмеге баламалы энергия көздері саласындағы жаңа технологияларды ұсынған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз