
Іс-шара Мемлекет басшыларының көрме орталық экспозициясы – сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Мемлекет басшылары көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады. Әрі қарай мемлекет басшылары көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады. «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.
Көрсетілім барлық республикалық арналар бойынша тікелей эфирде жүретін болады. Сонымен қатар Медиа Орталығында түсірілімнің 60 нүктесінен 4 ЖТС-нан дабыл берілетін болады.
Астана ЭКСПО – «ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов төрағасы қазақстандық және шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында (expo2017astana.com/kz/page_id=1447) халықаралық көрменің Қазақстанға не беретіні туралы айтты.
Көрмеден кейін ғимараттарда не орналасады?
–Ең алдымен, осындай үлкен қаражат құюдың қажеті қанша деп жатқанда, айтарым, біздің сол Милан көрмесінен айырмашылығымыз, ол жерде барлық экспонаттар мен павильондар, соның ішінде біздің – қазақстандық павильон да, қатысушы елдердің өздері құрып, өздері бөлшектеп жинайтын. Бұл жерде, өзіңіз көріп отырғаныңыздай, күрделі ғимарат. Көптеген нысандар көрмеден кейін де жұмыс істей береді. Мысалы, Сфера Болашақ музейіне айналады, өйткені мұнда ең соңғы зерттемелер жинақталып, ғарыш қуатынан бастап, күн, жел, су және кинетикалық қуатқа дейінгі энергия тақырыбы ашылады. Яғни осының барлығы, үздік тәжірибелер аймағы да, тақырыптық павильондар да көрме игілігі мен мұрасы болып қалады. Қазақстандықтар мен қонақтар үшін көптеген нысандар ары қарай жұмысын жалғастыра береді.
Босатылатын халықаралық павильондарда халықаралық қаржы орталығы орналасады. Бұдан бөлек, БҰҰның Бас Ассамблеясында Елбасымыздың бастамасы ретінде БҰҰ аясында халықаралық жасыл энергетика орталығы ашылады. IT-стартаптар құрылады. Тұтас алғанда алаңдарды одан кейін пайдалану бойынша жиырма шақты ұсыныс бар. Ұсыныстар қолымыздағы алаңдардан әлдеқайда көп. Көрменің барлық нысандарына сұраныс бар. Менің ойымша, жуырда әлем бойынша танымал Job World білім беру орталығының ашылуы туралы ұсыныс қабылданады. Біз Корей елінің тәжірибесін зерттедік. Корея бұл тұрғыдан барша елдердің арасынан жарып шықты, алайда мектепке дейінгі балалар мен 24 жасқа дейінгі жастарға арналған орталықтар көптеген дамыған мемлекеттерде ашылуда. Мектепке дейінгі балалар осындай орталықтарға келіп, мамандықтар түрлерімен танысып, жұмыстың не екендігін ұғынып, өздері болашақ мамандықтарын таңдайды. Бұл үшін бірегей мүмкіндіктер жасалады. Осыны біздің павильондардың базасында жасауға әбден болады. Балалар жастайынан, мысалы, өрт сөндіруші, дәрігер, құрылысшы, аспазшы секілді мамандықтарды танып, көріп, ақыры өз болашағын таңдайды. Қазіргідей ата-анасы баласын үлкен жалақы үшін мектептен кейін заңгер етіп оқытып, ал оқу орнын бітіргеннен кейін ол аталмыш мамандығын ұнатпай қалатын жағдай болмайды. Яғни балалар бұл жерде өздерінің қабілеттеріне сай, саналы түрде мамандық таңдайтын болады. Бұл мемлекеттік білім беру орталығы болмақ. Көптеген демеушілер тартылады. Содан кейін демеушілер 20-24 жасқа толған жастардың арасынан өздеріне дайын кадр таңдай алады. Осындай ойымыз бар. Бір сөзбен айтқанда, ұсыныстар бос жатқан алаңдардан көп болып тұр. Бұл қуанарлық жайт.
Көрмеде қызықты нәрселер көп
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!