ЭКСПО-ның миллионыншы билетін сатып алған адамның есімі жарияланды

84

0

ЭКСПО-ның миллионыншы билетін сатып алған адамның есімі жарияландыЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында арнайы баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көрмеге рұқсат беретін миллионыншы билеттің иегері – Шымкент қаласының тұрғыны Қайрат Мамаев.
«Оңтүстік Қазақстан облысында Қазығұрт деген киелі тау бар. Сол таудың өңірінде Қызылдала деген кішкене ауылда өсіп-өнгенбіз. 26 жыл бұрын Шымкент қаласындағы педагогикалық институтты бітіріп, қазір жоғары білім саласында университет студенттеріне дәріс беріп келеміз. Ағымдағы жылы сәуірдің 26-сы күні қаладағы бір кассаға барып, бүкіл жанұямызбен төрт билет сатып алған едік. Сәтін салып, миллионыншы билеттің иегері атандық», – дейді Мамаев.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркінбаевтың айтуынша, миллионыншы билеттің иегері Астанаға тегін келіп кетуге мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, оған ұялы телефон мен жылдың аяғына дейін тегін ғаламтор қызметі табысталды.
«Негізі, миллионыншы билет маусым айында сатылады деген болжам болған. Алайда ол билет сәуірдің 26-сы күні сатылды. Қазіргі кезде 1 миллион 53 мың билет өтті. Соның басым бөлігі – 100 мың билет Оңтүстік Қазақстан облысында сатылды», – деп атап көрсетті Еркінбаев. Оның сөзіне қарағанда, сатылған бір миллионнан астам билеттің 13 проценті шетелдің азаматтарына тиесілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз