Ел ағалары озаттарды «Жас ұланға» қабылдады

47

0

Ел ағалары озаттарды «Жас ұланға» қабылдадыОқуда озат, қоғамдық шараларға белсене араласатын оқушыларды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау шарасы өтті.
Халықаралық балалар күніне орайластырылған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Парламенті Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов бастаған бір топ депутаттар қатысты.
«Аймақ басшысы әрбір балаға  оқуда озат болуға тілектестігін білдірді. Облыс әкімі мен депутаттар 20 оқушыға салтанатты түрде «Жас Ұланның» галстугін тақты. Жас ұландықтар жазғы демалысқа дайындықтары туралы рапорт жасап, «Жас ұлан»  ережесін бұлжытпай орындауға және Отанына талмай қызмет етуге салтанатты түрде ант берді» деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметі.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз