Ел біріншілігі мәресіне жетті

57

0

Қызылорда қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтардан 250-ге жуық каратэші қатысты. 
Жарыс ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді. 
Ел чемпионатынан бірінші орын алған спортшылар ҚР спорт шебері нормативін орындады. Сонымен қатар, жеңімпаз спортшылар мамыр айында Филиппинде өтетін Азия чемпионатына және шілде айында Болгарияда болатын Еуропа чемпионатына жолдама алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, кубок, медальдары табысталды. 
Киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионатының жеңімпаздары:
Жасөспірімдер арасында:
12-13 жасқа дейінгі  қыздар арасында: 
40 келі: Марал Кустаева (Астана қ.)
12-13 жастан жоғары қыздар арасында: 
40 келі: Арайлым Түбекбаева (Астана қ.)
12-13 жас ұлдар арасында 
35 келі: Өркен Есенгелдиев (Астана қ.)
12-13 жас ұлдар арасында: 
40 келі: Асхат Галеев (Ақмола обл.)
45 келі: Мұхтар Шаханов (Астана қ.)
50 келі: Бақтияр Қайратов (Астана қ.)
12-13 жастан жоғары ұлдар арасында: 
50 келі: Астам Жанарбаев (Қарағанды обл.)
14-15 жасқа дейінгі қыздар арасында: 
50 келі: Жанерке Исатай (Астана қ.)
14-15 жастан жоғары қыздар арасында: 
50 келі: Динара Нұрғалиева (Ақмола обл.)
14-15 жасқа дейінгі ұлдар арасында: 
45 келі: Аян Қалиақпар (Астана қ.)
50 келі: Жәнібек Бұршахбаев (ШҚО)
55 келі: Александр Варанцов (ШҚО)
60 келі: Александр Тронягин (Қарағанды обл.)
14-15 жастан жоғары ұлдар арасында: 
60 келі: Мейрам Бимжанов  (Астана қ.)
Жастар арасында:
16-17 жасқа дейінгі қыздар арасында 
55 келі: Наргиз Ұзақбаева (Ақмола обл.)
16-17 жастан жоғары қыздар арасында: 
55 келі: Балжан Исмайлова (Қызылорда обл.)
16-17 жасқа дейінгі ұлдар арасында: 
55 келі: Темірлан Жәнібеков (Астана қ.)
60 келі: Әлішер Сейілбек (Қызылорда обл.)
65 келі: Александр Грузинцев (Атырау обл.)
16-17 жастан жоғары ұлдар арасында: 
65 келі: Никита Гарас (Қарағанды обл.)
Әйелдер арасында:
-60 келі: Айнаш Шарипова (Ақмола обл.)
+60 келі: Маржан Жанбалтина (Астана қ.)
Ерлер арасында:
-60 келі: Үсен Төлегенов (Қызылорда обл.)
-70 келі: Ерболат Канапин (Ақмола обл.)
-80 келі: Айдын Үмбетов (Ақмола обл.)
+80 келі: Шыңғыс Теміржанов (Ақмола обл.)
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз