Ел біріншілігінде 12 жүлде алды

45

0

Ел біріншілігінде 12 жүлде алды   Тараз қаласында каратэ-додан балалар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетіп, біздің облыс спортшылары 12 жүлдемен оралды. Олар барлығы 2 алтын, 5 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді. 
   6-7 жас аралығында сынға түскен Айнамкөз Нұрташ (+20 келі) пен 10-11 жас аралығында Әсемгүл Ердәулет  (-30 келі) алтыннан алқа тақты. Екінші орынды: Бекнұр Әбдіжәлі (6-7 жас, +25 келі), Асыл Арбап (8-9 жас, +30 келі), Әділет Төлеу (14-15 жас, -52 келі), Әділет Оралбек (14-15 жас, -57 келі), Ким Марта (12-13 жас, +45 келі) сынды өрендер ие болды. Қола медаль Нұрсұлу Жетербай (14-15 жас, +54 келі), Диана Досқали (14-15 жас, -54 келі), Ақмарал Бекназар (12-13 жас, +45 келі),Чуркин Евгений (14-15 жас, -57 келі), Азамат Телбаев (6-7 жас, +25 келі) секілді жерлестерімізге бұйырды.    
Олар №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады. Спортшыларды жарысқа Нұржан Ақпанбет пен Рүстем Қараев дайындады. Енді спортшылар наурыз айында Астана қаласында болатын Қазақстан чемпионатына қатысады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз