Ел игілігін көздейтін стратегиялық құжат

40

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ішкі аудит департаментінің директоры Сәбит Парманқұловтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлады «Қызылорда ньюс» интернет газеті.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған елдің үшінші жаңғыруын жариялады. Жолдау агроөнеркәсіп саласы бойынша тәуелсіз еліміз тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға серпін беріп, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарларға құрылған стратегиялық құжат.
– Облыс әкімінің бастамасымен іске асырылып жатқан игі істер жетерлік. Сыр елі соңғы 4 жылда ел өңірлері арасында экономикалық көрсеткіштері жөнінен алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл үлкен жетістік. Қызылорда облысы мырыш, қорғасын, уран өндіру бойынша үшінші орында. Яғни облыстың металлургия саласын дамытуға мол мүмкіндігі бар деген сөз. Сондай-ақ, бұл өңір ауыл шаруашылығының дамуында да жақсы көрсеткіштерге ие екендігі белгілі. Өңірдегі тұрғын үй мәселесінің өз шешімін тауып жатқандығын соңғы үш жылда облыс орталығында 11 шағын ауданның бой көтергендігінен-ақ байқауға болады, – дейді Сәбит Шаймерденұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз