Ел табысы Елбасы есімімен байланысты

38

0

Ел табысы Елбасы есімімен байланыстыКеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болды.
Шара басталмас бұрын жиналғандар «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залымен танысты. Мұнда Мемлекет басшысы сүйіп оқитын авторлардың шығармалары мен өзінің еңбектері және Елбасы туралы жазылған кітаптар, шежірелі жылдардан сыр шертетін суреттер қойылған.
Конференцияны университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры – бірінші проректор Абайбек Жүнісов ашып, Қазақстанның ширек ғасырда қол жеткізген табыстары Елбасы есімімен тығыз байланысты екенін жеткізді. «Президенттің бастамасымен қабылданған саяси шешімдер еліміздің даму стратегиясын көрегендікпен айқындап келеді. Елбасының жаңа мемлекет құрудағы ерен еңбегін зерделеу – парызымыз», – деді ол.
Жиында университет ғалымдары мен оқытушылары тәуелсіздікті нығайтудағы, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы Мемлекет басшы¬сының роліне тоқталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз