Елбасы Астанада бас шыршаның шамын жақты

55

0

Елбасы Астанада бас шыршаның шамын жақты]АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 1 желтоқсанда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев еліміздің бас шыршасының шамын жағу салтанатына қатысты. Биыл
ұзындығы 25 метр  шырша  «Хан Шатыр» ойын сауық орталығының алдындағы
мұз қалашығының аумағына орналастырылған.

Мерекелік шоуға 2300-ден
астам мектеп оқушысы, сондай-ақ қаланың белгілі шығармашылық ұжымдары
қатысты. Бойшаң қуыршақтар, барабанды шоу, аққалалар оркестрі және,
әрине, Аяз ата мен Ақшақар баршаны алдағы мерекелермен құттықтады.

Бүгінгі салтанатты іс-шара еліміздегі өтетін барлық
мерекелік іс-шараларға бастау берді. Бас шырша жағылған соң іле-шала
Астананың әр түпкірінде тағы да қырық шыршаның, сондай-ақ Қазақстанның
барлық қалаларында шыршалардың шамдары жағылды. Елорда тұрғындары мен
қала қонақтарына қысқы кезеңде мәдени-көріністік іс-шараларға мол
бағдарлама әзірленген.  Әр демалыс күндері мұз қалашықтарда концерттер,
спортық жарыстар, мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сыныптары, флэш-мобтар,
жәрмеңкелерді және т.б. қамтитын қызықты әрі алуан түрлі бағдарлама
ұсынылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз