Елбасы қазақстандық ғарышкер-сынаушы А.Айымбетовті қабылдады

41

0

Елбасы қазақстандық ғарышкер-сынаушы А.Айымбетовті қабылдадыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ғарышкер-сынаушы
А.Айымбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен
хабарлады. 

Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің
хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш
комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев та қатысты.

Қазақстан
Президентіне А.Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш
стансасына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды.

А.Айымбетов өзінің барлық қажетті тестер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз