Елбасы: Азық-түлік өнімдеріне бағаны негізсіз көтергендер тиісті жазасын алады

49

0

Елбасы: Азық-түлік өнімдеріне бағаны негізсіз көтергендер тиісті жазасын аладыҚазАқпарат – Азық-түлік өнімдеріне бағаны негізсіз көтергендер
анықталып, тиісті жазасын береміз. Бұл туралы кеше Ақордада негізгі
экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бұл маңызды мәселе. Біз барлық
әкімдерге және саудамен айналысатындарға ескерттік. Бағаның өсуіне
ешқандай да жол бермеу керек. Әсіресе, Қазақстанда өндіріліп жатқан
азық-түлік тауарларына баға өспеуі тиіс. Жағдайда пайдаланып қалу
мақсатын көздеп отырғандарға бағаның шарықтатуға жол бермеу маңызды.
Ондайларды анықтап, қатаң жазалайтын боламыз», – деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы баға мәселесі бойынша Үкімет осы бағыттағы жұмыстармен айналасатынын қадап айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз