Елбасы Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға Айдын Айымбетовтің кандидатурасын бекітті

33

0

Елбасы Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға Айдын Айымбетовтің кандидатурасын бекіттіМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік
кеңесінің жедел жиналысында Елбасы Халықаралық ғарыш стансасына ұшыруға
Айдын Айымбетовтің кандидатурасын бекітті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан азаматының Халықаралық ғарыш стансасына
ұшырылуы туралы Мемлекет басшысы мен Ресей Президенті Владимир Путиннің
арасындағы уағдаластыққа сәйкес Айдын Айымбетовтің кандидатурасы
келісілді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ кеңес барысында елдің ғарыш саласын
дамыту мәселелері, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек»
ғарыштық зымыран кешенін салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы
қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз