Елбасы Жолдауы талқыланды

49

0

Елбасы Жолдауы талқыландыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды.
Сот төрағасы С.Сүлеймен Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдердің қосылуға жасаған тағы бір батыл қадамы екендігін атап өтті. Жиында Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланып, Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, әкімшілік айыппұлдардың әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуы тиіс екендігі, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын жүргізу қажеттігі айтылды Сот жүйесіне деген ел сенімін арттыруға қол жеткізу, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою жайлы да талқыға салынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз