Елбасы Жолдауын талқылады

99

0

Елбасы Жолдауын талқыладыБүгін «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалдың ұйымдастыруымен Конституциялық реформалар бағдарламасы және Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында «Абзал и К» ЖШС мекемесінің «Абзал» бастауыш партия ұйым мүшелері арасында өткізілді.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының бірінші орынбасары Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы, Ақпараттық насихат топ мүшесілері Қамалов Ғалымжан Тәкенұлы, Алдабергенов Абунасыр Сатыбалдыұлы, Қалалық мәслихат фракция мүшелері мен партия мүшелері қатысты.
«Биылғы жылдың 31 қаңтарында Елбасы халыққа Жолдау жолдады. Ең басты алға қойған мақсат «Қазақстан-2050» стратегиясы, оның бес басымдығы, және әлемдегі дамыған 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеу. Осы мақсаттың жолында қарыштап, қадамдап келеміз. Қаншама жұмыстар атқарылуда, тынымсыз еңбек етілуде.
Нәтижесін көрудеміз. Жыл сайын зейнетақы, еңбекақы пайызы көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылып, денсаулық, білім саласы, әлеуметтік салалар мен кәсіпкерлікке аса назар аударылуда. Сонымен қатар аграрлық секторды дамытуды жолға қою және оған арналған бағдарламалар еселеніп, халықтың ауыл шаруашылық кәсібін дөңгелетіп, отандық өнімдер шығаруына аса мән берілген. еліміз өткен екі жаңғырудың нәтижесі табысты өткенін, осы аталған үшінші жаңғыруға да бір болып, бірігіп ат салысуға шақырды.
Әрбір қазақстандықтар осы Жолдауда көрсетілген бағыттар мен бағдарламаларды іске асыруға өз үлесін қосу керек. Алда барлық азаматтарды қыруар жұмыстар күтуде. Биылғы Жолдаудан күтеріміз көп. Алдағы уақытта әрқайсымызға жүктелген жауапкершілікті сезініп, қойылған талаптар мен міндеттерді біріге атқаратынымызға сенемін» – деді, Қалалық партия филиалының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов.
Жиын соңында қатысушылар Елбасы жолдауын қуаттайтындықтарын, жолдауды қолдайтындықтарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз