
Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, екпінді жел соғады, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін артады, жекелеген аудандарда найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні болжануда, түнде және таңертең тұман болады. Қызылорда облысында күндіз шаңды дауылмен қоса 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қарағанды облысының кей жерлерін тұман басады.