Елдің бірлігін бекемдеу

100

0

Елдің бірлігін бекемдеуБүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум аясында Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында «Қоғамдық сананы Қоғамдық келісім кеңестері тұрғысында жаңғырту» атты көшпелі мәжіліс болып өтті. Кеңес одағының батыры Н.Ілиясовтың ескерткішіне, тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, «Айтбай» мешітінде қуғын-сүргін құрбандарының рухына құран бағыштаудан басталған басқосу Н.Ілиясов ауылдық мəдениет үйінде жалғасын тапты.
Жиынды жүргізген Сырдария ауданы əкімінің орынбасары Б.Өтегенова Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мемлекет басшысы Н.Назарбаев республикамыздың барлық өңірінде қоғамдық келісім кеңестерін құру жөнінде тапсырма бергендігін атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында ауданымыздың барлық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту бағытында нәтижелі жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
Жиын барысында ауданның барлық ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары арнайы жасалған стенд арқылы өз жұмыстарының нəтижелерімен бөлісті.
Көшпелі мəжілісте баяндама жасаған Н.Ілиясов ауылдық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Қуандықов ауылдағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысының іс тəжірибесімен бөлісіп, презентациялады.
Келелі басқосуда қатысушылар елдің бірлігін бекемдеу бағытындағы ойларын ортаға салды. Елдің бірлігін бекемдеу

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз