Елдің солтүстік өңірінде бұрқасын болады

60

0

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар, жауын-шашын болады, тек оңтүстік-шығыс пен оңтүстікте, батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ пен тұман болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Елдің солтүстігінде бұрқасын болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде15-20 м/с-ға жетеді, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ пен тұман болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз