БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ

95

0

ЕЛДІККЕ ШАҚЫРАДЫ

БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ «Мәңгілік ел» – ұлт пен ұлысты бір арнаға тоғыстыратын рухани
күш. Жуырда елордамыздағы «Қазақстан» орталық концерт залында бас қосқан
тәуелсіз елдің белсенді әрі отансүйгіш азаматтары қоғамға осылайша ұран
тастады. Жалпақ жұртты елдікке шақырған «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел»
атты республикалық патриоттар форумына еліміздің барлық облыстарынан 2 мыңнан
астам делегат қатысқаны мәлім. Тәуелсіз елдің патриоттары – Отанын жанындай
сүйетін азаматтар. Аталған жиынға Сыр елінен қатысқанымды мақтаныш тұтамын.
Олар – түрлі салада жүрген үздік дәрігерлер, әскерилер, өнеркәсіп жұмысшылары,
ғалымдар, жас көшбасшылар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, қоғам қайраткерлері,
спортшылар, актерлар және мәдениет майталмандары.

Айтулы жиында мінберге шығып сөз алғандар «Мәңгілік елдің»
ұлттық құндылықтарына тоқталды. Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»
бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен
отбасы» жалпыұлттық жобасы талқыланды.
Соңында «Жыл патриоты» байқауының жеңімпаздары жеті аталым бойынша
марапатталды. Оларды Отанға деген құрметін күнделікті еңбегімен әрі нақты
ісімен дәлелдеп ерлік көрсеткендер деп ойлаймын.

Мәселен, мен патриоттық сезім дегенді тәуелсіз Қазақстанның
дамуына атсалысу, сол жолда аянбай тер төгу деп түсінемін. Қысқасы,«Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» атты форумнан көкейге түйгенім мол
болды.

Қайраддин БАЙМАХАНОВ,

облыстық
«Ерлік” үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз