Электр энергиясы толығымен берілді

39

0

2017 жылғы  17 маусым күні  сағат 21:25 шамасында Жалағаш ауданы, 5-разъезд тұсында егіс  алқаптарына  дәрі себу жұмыстары  барысында АН-2 ұшағы абайсызда жоғары кернеулі  220 кВ электр желілеріне соқтығысып, салдарынан   Қармақшы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласында жарық беру уақытша ажыратылды. 
 Жөндеу жұмыстарына «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы»  АҚ  жедел жұмылдырылды.
Нәтижесінде  сағат 22:00 де Қызылорда қаласы бойынша жарық беру қайта іске қосылды. Ал, Қармақшы мен Жалағаш аудандарына сағат 00:20 да  электр энергиясы толығымен берілді.   
Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

   Қызылорда облысы энергетика және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз