«Электронды үкімет» жәйі түсіндірілді

52

0

«Электронды үкімет» жәйі түсіндірілдіШиелі ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының «Электронды Үкімет» порталының қол жетімділігі мен айқындылығын насихаттау мақсатында Шиелі аудандық емханасында www.e-gov.kz, Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет» порталын пайдалану мен оның мүмкіндігін түсіндіру акциясын өткізді. 
Акция барысында ХҚКО қызметкерлері келушілерге порталдың мүмкіндігі туралы, тіркеуді қалай өту, үй жағдайында ЭЦҚ (электрондық цифралық қолтаңба) көмегімен ғаламторға кіру арқылы өз компьютеріңізден мемлекеттік қызметтерді қалай алу туралы айтылып, «Электронды үкімет» порталының артықшылықтарын айшықталды. Порталдың барлық қызметін толық құқылы қолдану үшін, ең алдымен Электронды Сандық Қолтаңбаға тапсырыс беру қажет екендіктерін айтта келе, Қазақстан Республикасының «Электронды Үкімет» порталы арқылы Электронды Сандық Қолтаңбаға өтінім беру жолдарын көрсетіп үйретті. Акцияға қатысушы әрбір азаматтар e-gov бұрышы маманының кәсіби кеңесін алғаннан кейін алдағы уақытта үйде отырып, дербес компьютерлері арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтінімді рәсімдей алатындықтарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз