
Мұндай мәртебелi де абыройлы жұмыста құрылысшылардың еселi еңбегi мен маңдай терi жатқаны белгiлi. Құрылысшы – қашан да мерейлi мамандық. Құрылысшы болу үшiн адам бойына төзiмдiлiк, жiгерлiлiк, мақсаткерлiк секiлдi қасиеттермен қатар, мамандыққа деген адалдық пен сүйiспеншiлiк қажет. Биылғы аудан жыл үздiктерiнiң қатарында есiмi құрметпен аталғандардың бiрi – «Туған ел келбетi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi төрағасының орынбасары Қайырбаев Серiк Ыбырайұлы «Жылдың ең үздiк құрылысшысы» номинациясын жеңiп алып, әрiптестерiне үлгi болды.