Элизабет – халықаралық турнирде жеңімпаз

41

0

Элизабет – халықаралық турнирде жеңімпазСүйінші!  Мәнерлеп сырғанау спортынан үкілі үмітіміз – Элизабет Тұрсынбаева тағы да қызылордалық жанкүйерлерді толайым қуанышқа бөледі. 
Ол мәнерлеп сырғанаудан Словенияда өткен дәстүрлі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Турнирге 15 елден 22 спортшы қатысты. Күміс жүлдені корей спортшысы алса, қола жүлдені Германия елінің спортшысы иеленді. Элизабет енді тамыз айында болатын Әлемдік Гран-при додасына дайындалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз