Элизабет – Монреаль турнирінінің қола жүлдегері

38

0

Элизабет - Монреаль турнирінінің қола жүлдегеріЭлизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаев Facebook-тегі жеке парақшасында қызының қола медальға ие болғанын хабарлады. Бірінші орында – 2008 жылғы АҚШ чемпионы, төрт құрлық чемпионатының күміс және қола жүлдегері Мираи Нагасу. Екінші орында – 2016 жылғы Канада чемпионы 20 жастағы Ален Шартран, – деп жазады Қазақпарат. 
«Autumn Classik International Skate Canada Челленджер сериясының беделді халықаралық турниріне әлемнің 13 елінен 18 мәнерлеп сырғанаушы қатысқан. Сарапшылардың айтуынша, алты спортшы ең жоғары нәтижелер көрсеткен: Мираи Нагасу (АҚШ), На Хен Ким (Корея), Рика Хонго (Жапония) , Марико Кихара (Жапония), Ален Шартран (Канада) және біздің Элизабет (Қазақстан)», – деп хабарлады спортшының әкесі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз