Элизабет Тұрсынбаева алтыннан алқа тағынды

59

0

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Белоруссия астанасы Минск қаласында 12 елден 20 мәнерлеп сырғанаушы қатысқан «Ice Star Minsk»халықаралық турнирінде алтын жүлдені иеленіп, еліміздің туын көкке көтерді.
Ол қысқа және еркін бағдарламалар бойынша 187,57 ұпай жинап, үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Э.Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Енді ол үстіміздегі жылдың17-19 қараша аралығында Францияда өтетін «Internationaux de France» Гран-приі жарысына, содан кейін Қытайдың Шанхай қаласындағы халықаралық турнирге қатысады.
2018 жылдың қаңтар айында төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетсе, ақпан айында Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз