Элизабет Тұрсынбаева бес мәрте халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

43

0

Элизабет Тұрсынбаева бес мәрте халықаралық турнирдің жеңімпазы атандыИталияда мәнерлеп
сырғанаудан өткен «Кубок Мерано» халықаралық турнирінде Элизабет
Тұрсынбаева бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Қызылорда
облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған
турнир 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы бұл
бәсекеге Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қатысқан болатын.
Биыл қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жастар арасында өнер көрсетіп,
биылғы жылдың алтын медалін еншіледі. Күміс жүлдені Франция cпортшысы
иеленсе, қола жүлде неміс қызына бұйырды. Аталмыш додаға 9 елден 24
спортшы бақ сынады.

Енді Элизабет үстіміздегі жылдың желтоқсан айының
басында Будапешт қаласында өтетін халықаралық турнирге және 20-21
желтоқсанда Қызылорда қаласында алғаш ұйымдастырылатын ҚР чемпионатына
қатысады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Элизабет Жапонияда
және Германияда өткен жастар Гран-при жарыстарының күміс және қола
жүлдесін олжалаған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз