Элизабет Тұрсынбаева Бостонда әлем чемпионатында 12-орынды иеленді

39

0

Элизабет Тұрсынбаева Бостонда әлем чемпионатында 12-орынды иеленді 6 жастаға қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева америкалық Бостонда өткен әлем чемпионатында 12-орынды иеленді.

Қысқа
бағдарламадан кейін спортшы 61,63 балл жинап, 12-ші орынды иеленді.
Еркін бағдарламада Э. Тұрсынбаева 121,99 балмен 10-шы нәтиже көрсетті.
Жалпы қорытынды балл – 183,62.

Бұл мәнерлеп сырғанаушының ересектер арасындағы әлем біріншілігіндегі дебюттік жарысы екенін атап өткен жөн.
2016 жылғы әлем чемпионы ресейлік Евгения Медведева (223,86) болды,
күмісті АҚШ-тан келген Эшли Вагнер (215,39) алды, үшінші орын да
ресейлік – Анна Погорилаяға (213,69) бұйырды.

Еске салсақ, 2016-ӘЧ-де Қазақстан атынан Денис Тен
шықты. Ол 11-орынды иеленді. Қысқа бағдарламада соңғы орын алған Дарын
Жүнісов пен Анастасия Хромова жұбы баллдары жетпей, еркін бағдарламада
өнер көрсете алмады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз