Элизабет Тұрсынбаева Германияда «NRW Trophy – 2014» турнирінің жеңімпазы атанды

73

0

Элизабет Тұрсынбаева Германияда «NRW Trophy - 2014» турнирінің жеңімпазы атандыЭлизабет Тұрсынбаева  биыл алтыншы мәрте халықаралық турнирдің женімпазы
атанды, деп хабарлады Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі.

26-30 қараша аралығында Германияның
Дортмунд каласында дәстүрлі «NRW Trophy – 2014» халықаралық турнирі өтіп
жатыр. Аталмыш жарыс 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.Турнир
жекелей және жұптасып сырғанау, сонымен қатар жасөспірім қыздар арасында
«Junior Ladies» дәрежесі бойынша өтуде. Биылғы жылы жасөспірім қыздар
арасындағы сында 10 елден 43 спортшы сайысқа түсуде. Бұл бәсекеде
қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева қысқа және еркін бағдарламаларда өнер
көрсетіп, 176, 12 балл жинап, нәтижесінде бірінші орынды иеленді. Бұл
оның жеңіске толы спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіш. Дәл осы
сайыста 2011 жылы Элизабет 3-ші орынды қанағат тұтқан еді.

Күміс
жүлдені финляндиялық спортшы алса, қола жүлде неміс спортшысына
бұйырды. Айта кетейік, Элизабет биылғы жылы осымен алтыншы мәрте
халықаралық турнирдің жеңімпазы атанып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз