Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

60

0

Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел күшейеді – 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с жетеді, түнде және таңертең – тұман.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел тұрады – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел – 15-20 м/с, найзағай ойнайды.
Қарағанды облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз