Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

155

0

Жұма күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, боран соғады және көктайғақ болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймағында боран, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.
Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында көктайғақ болады.
Күндіз Қызылорда облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының бірқатар өңірінде тұман түседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз