
«Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігі мен Жерорта теңізінен ығысатын циклон әсерінен ауа райы бұзылады. 15-17 сәуір күндері бірқатар облыста жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендегенімен, климаттық нормадан 2-5 градустан жоғары болады», – дейді синоптиктер.
15 сәуірде Астанада күн бұлтты болады, күндіз жауын жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде +1…+3, күндіз +14…+16 градус. 16 сәуірде желдің бағыты оңтүстік-батыс, батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +8…+10 градус.
17 сәуірде желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін, түнде екпіні 15-20 м/с дейін баруы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0, күндіз +8…+10 градус.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!