Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі көптеген әлеуметтік бастамаларды іске асыруға мүмкіндік берді

38

0

Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев ОКҚ баспасөз –конференциясында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуы туралы айтты. «Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі әлеуметтік саладағы көптеген әлеуметтік бастамалар мен бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. 2013-жылғы қаңтар-қазан айларының қоырытындысы бойынша еліміздің ІЖӨ 5,8% өсті», – деген вице-премьер өз сөзін: – «Дүниежүзілік банктің ақпаратына қарағанда, Қазақстан 2011-жылдың өзінде-ақ табысы ортадан жоғары елдер қатарына енген екен. Сөйтіп қазір Малайзия, Түркия сияқты елдермен қатар тұрған ол осы бағыттағы позициясын нығайта түсуде», – деп қосты ол. Бұл ретте, Ел Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясында елдегі бизнес климатты жақсартуға ерекше мән берілген еді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз