Елімізде 1-6 градус үсік жүреді

60

0

Елімізде 1-6 градус үсік жүредіҚазақстанның барлық аймағында құбылмалы ауа райы сақталады.
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің барлық аймағында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте жел тұрып, шаң көтеріледі.
Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні шаңды дауылмен 23 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жыдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік жүреді.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз