Елімізде ең көп тараған фамилиялар

83

0

Елімізде ең көп тараған фамилияларӘділет министрлігі Қазақстандағы ең көп тараған фамилиялардың тізімін ұсынды. Бірінші орында Ахметовтер тұр. Барлығы 73 627 адам.
Екінші орында Омаровтар – 45 123 тұрғын. Ал, үшінші орында Кимдер екен. Олардың саны – 42 274. Оспановтар – 41 068 болса, Ивандар – 39 296 екен. Әлиевтер – 36 084, Сүлейменовтер – 33 940, Ысқақовтар – 31 988, Әбдрахмановтар – 29 091, Ибрагимовтар – 28 755, Қалиевтер – 28 219, Садықовтар – 27 810, Ыбыраевтар – 26 531, Кузнецовтар – 25 990, Поповтар – 24 956, Смағұловтар – 24 005, Абдуллаевтар – 23 729, Исаевтар – 22 910, Сұлтановтар – 22 808, Нұрғалиевтер – 21 133, Каримовтар– 20 575 адам екен. Ал, он мыңдықтың ішіне Серік, Ли, Цой, Амангелді, Болат, Бондаренко, Марат, Серікбай, Мұрат, Құсайынов секілді фамилиялар енген. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз