Елімізде ЭКСПО кезінде жаңа рейстер ашылады

49

0

Елімізде ЭКСПО кезінде жаңа рейстер ашыладыБиыл маусым айынан бастап Польшаның, Венгрияның, Финляндияның, Қытайдың жаңа әуе тасымалдаушылары ұшу жиілігі аптасына 11 рейс болатын 4 бағыт бойынша жұмыстарын бастайды («LOT Polish Airlines»,«WizzAir», «FinnAir» және «Air China»), деп хабарлайды BAQ.kz.
Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында айтты.
«Қазақстандық тасымалдаушылар 7 қалаға 12 рейс ашуды жоспарлап отыр. Олар: Сиань, Киев, Минводы, Ереван, Жуковский, Челябинск, Томск. Сонымен қатар, Стамбул, Бейжің, Лондон, Сеул, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Санкт-Петербург, Үрімші бағыттары бойынша рейстерді көбейтетін болады» – деді министр.
«ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының дерегі бойынша халықаралық рейстермен 310 мың шетелдік жолаушы келеді деп күтілуде. Халықаралық бағыттарды толық қамту үшін 755 мың жолаушы орны берілетін болады (Ұшу жиілігі аптасына 196 рейс болатын 32 халықаралық бағыт).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз