Елімізде әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды

76

0

Елімізде әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды Орталық коммуникациялар қызметінде «Көктем-2017» мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.  
Жиынға ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы, генерал-майор Мүіслім Дайыров, ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысының орынбасары – толымдау басқармасының басшысы, полковник Амантай Өсербаев, ҚР ҚМ әскери-дәрігерлік комиссия орталығының басшысы, полковник Қанат Сұлтанғазин және ҚР ҚК әскери полициясы бас басқармасының басшысы, полковник Тілеухан Басқожаев қатысты. 
Жиынға қатысушылар әскери бөлімшелерде әлімжеттіктің жоқ екенін тілге тиек еті.
Елімізде әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды «Біздің Қарулы күштердің құрамында келісім шартпен қызмет атқаратын жоғары білімді азаматтар70 пайызды құрайды. Соның ішінде мерзімді әскери қызметке келетін азаматтар 30 пайыз. Қазіргі уақытта казармамызда барлық жағдай жасалған. Әрбір казармада бейнебақылау қойылған. Әскерге келген әрбір бозбаламен психолог мамандар жүйелі жұмыс атқаруда. Қарулы Күштердегі жүйелі жұмыстың нәтижесінде әлімжеттік жағдайлар тыйылды. Әскери құрам ер-жігіттерді құрайды, сондықтан  түсініспеушіліктер орын алып жатады. Бірақ жүйелі түрде болып жатқан әлімжеттік жағдайлар жоқ. Сондықтан, барлық ата-аналар өз балаларынсенімді түрде Отан алдындағы борышын өтеуге жіберуге болады. Әскери бөлімшелерде қазіргі таңда барлық жағдай жасалған», – деді Амантай Өсербаев. 
Биылғы жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларына 1999-1990 жылдары туылған 16 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарлануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз