
«Бүгін, 17 наурызда кешкі уақытта прокат куәлігін алдық, бұл куәлік сарапшылар комиссиясының отырысынан кейін берілді. Астанадағы және Алматыдағы сарапшылар фильмді көріп, «16+» деген жас шектеуін қойды. Бұл дегеніміз фильмді балалар ата-анасымен бірге көре алады деген сөз. Бастысы бұл фильм қазақстандықтарға Наурыздың құрметіне тамаша сыйлық болады», – деді Голенко. Оның айтуынша, картина отандық кинотеатрларда 17 наурыздағы кешкі сеанстан бастап көрсетіле бастайды.