Елімізде толассыз жауын-шашын күтіледі

88

0

Елімізде толассыз жауын-шашын күтіледі Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, ал оңтүстік аймақтың кей жерлерінде толассыз жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Хабар арнасы.
Тек республиканың солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ болып, найзағай ойнайды. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейіп, тұман болады.
Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей аймақтарында тұман болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжайды синоптиктер. Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз