Елімізде трансплантация тегін жасалады

43

0

Елімізде трансплантация тегін жасаладыЕлімізде трансплантация тегін жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізген соң ақысыз жасалады, – деп жазады Bnews.kz.
Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3000-ға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалып жатыр. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.
«Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал, тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады», – дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз