Елордада екінші орын алды

54

0

Елордада екінші орын алдыАстана қаласында волейболдан 1999-2000 жылдарда өмірге келген ұлдар мен қыздар,  2001-2002 жылдарда дүниеге келген ұлдар арасында Қазақстанның  жазғы чемпионаты мәресіне жетті. 
1999-2000 жылдары туылған ұлдар арасындағы ойынға 15 команда қатысып, 4 топқа бөлініп өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде біздің команда екінші орыннан көрінді. Бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, үшінші орынды Астана қаласының командалары иеленді. Ал 2001-2002 жылдары туылған ұлдар арасындағы ойында да Қызылорда облысының құрамасы екінші орынға ие болды.  Бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшылары еншілесе, үшінші орын Жамбыл облысының командасына бұйырды. Енді спортшыларымыз қараша айында Түркістан қаласында болатын ҚР күзгі чемпионатына қатысады. Команданы жарысқа Болат Рысмахан, Идият Алтынбеков, Батыр Бабаев және Өтеп Әбдіраманов  дайындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз