ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

92

0

ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫАғымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталды. Еліміздің әрбір тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің категориясы туралы мәлімдеуі қажет. Бұл туралы қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов хабарлады.
«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда Сіз шын мәнінде тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Өйткені, жиі азамат бір қалада, ауданда тұрады, ал басқа мекен-жайы бойынша тіркелген.Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсету  бойынша қиындықтар туындауы мүмкін.Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек». Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады. Азаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне жіне атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді» – деді басқарма басшысының орынбасары.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыретібойынша жүзеге асырылады. Азаматтар дәрігер мен емхананыеркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.
Отбасы мүшелерін тіркеу отбасы мүшелерінің бірінің негізінде отбасы мүшелерінің олардың жазбаша келісімі болған жағдайдажәне еркін нысандағы өтініштіотбасының әрбір мүшесіне жеке басын куәландыратын құжаттарынберу кезінде жүзеге асырылады.
Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу бойынша аумақтық жақындығын ұмытуға болмайды. Емхананыңжақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде Сізге ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады.
Айта кетерлігі, МӘМС заңы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз