ЕО және Орталық Азия елдерінің өкілдері табиғатты қорғау қызметін басқару және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін талқылау үшін Астанада кездесті

163

0

Астанада Қоршаған ортаны қорғау және климат өзгеруі бойынша ЕО-Орталық Азия Жұмыс тобының кездесуі өтті. Бұл Жұмыс тобы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласында ЕО-Орталық Азия ынтымақтастық платформасы шеңберінде жұмыс істейді. Аталмыш платформа 2007 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың Орталық Азиямен жаңа әріптестік стратегиясының бір элементі болып табылады. Қатысушылар қоршаған орта саласындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту, су ресурстарын басқару, инфрақұрылым және климаттың өзгеруі саласындағы жобаларды халықаралық қаржыландыру мәселелерін, сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің әлеуетін арттыру/кадрларды дайындаудағы басты қажеттіліктерін талқылады.
Отырысқа Еуропалық комиссия, ЕО мүше-елдерінің өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан тиісті министрліктерінің өкілдері, халықаралық қаржы институттары, Орталық Азияның аймақтық ұйымдары, халықаралық ұйымдар, сонымен қатар, ҮЕҰ және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.
«Бүгінгі күні біз Жұмыс тобының бес отырыстарын өткіздік, оның ішінде, Ташкентте, Миланда және Брюссельде. Тәжірибеде қолданысы жағынан Астанадағы осы 6-шы отырыс өте маңызды. Бүгін біз инфрақұрылым және климаттың өзгеруі саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қорларға қолжеткізудің басты мәселелерін талқыладық. Қоршаған орта және инфрақұрылым саласындағы жобаларды қаржыландыру, оның ішінде инвестицияларды тартуға әсер ететін аспектілерге қатысты саясат мәселелері қарастырылды. Осы мақсатпен ЕО қаржыландыратын «WECOOP2»* жобасымен Орталық Азиядағы барлық мүдделі тараптар үшін инвесторлар туралы Басшылық әзірленуде. Онда халықаралық қаржы институттары қолданатын тәртіптер мен іріктеу критерийлері бойынша кеңестер ұсынылатын болады. Сонымен қатар, біз табиғатты қорғау қызметін басқаруды жақсарту және жобалар әзірлеу мақсатында Орталық Азия елдері мен аймақтық ұйымдардың әлеуетін арттыру қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын қарастырып жатырмыз. Болашақта Орталық Азия елдерімен ынтымақтасу үшін басқа да идеяларды дамытудамыз.  Біз Орталық Азия елдерінен жобаларды дайындау, қаржыландыру және мемлекеттік-жеке әріптестік бойынша аймақтық жетік тәжірибе/консультациялық қызметтер орталығын құру туралы пікірлерін күтеміз», – деп Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеа кездесу жөнінде ойымен бөлісті.
Орталық Азия елдері су және энергетикалық ресурстары жағынан, сонымен қатар, табиғатты қорғау қызметін басқару саласындағы саясаттары жағынан өзара тәуелді. Орталық Азия үшін ең күрделі мәселелер су ресурстарының сарқылуы, өсіп келе жатқан суға деген сұраныстан ушыға түсетін суды пайдаланудың төмен тиімділігі, экожүйелердің нашарлауы болып табылады. Климаттың өзгеруі, индустрияландыру, қалалардың өсуі және ормансыздану  аймақтың су ресурстарына қысымның бұрынғыдан артуына ықпал етеді. Табиғат ресурстарын ұқыпсыз басқару жерлердің нашарлауына, топырақ эрозиясына және биоалуантүрліліктің жойылуына әкеледі.
«WECOOP2» жобасы туралы
Аймақтық ынтымақтастық және ЕО-Орталық Азияны қолдаудың екінші кезеңінде Еуропалық одақ (ЕО) 2016 жылдың тамызында қоршаған орта, климат өзгеруі және су ресурстары саласындағы аймақтық ынтымақтастық бойынша жобаны (WECOOP2) бастады. Ол Орталық Азия әріптес-мемлекеттері арасындағы диалогты нығайтуды және тұрақты дамуды жалғастыруға және олардың ЕО-пен қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтасуына жәрдемдесуге бағытталған. Жобаның кеңсесі Астанада, Қазақстан, орналасқан және ұлттық сарапшы-координаторлар әріптес-мемлекеттерде бір-бірімен келісімділікте жұмыс істейді. Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады, және «Stantec» құрамына кіретін «MWH» компаниясы басқаратын консорциум жүзеге асырады. Консорциум әріптестері болып Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Австриялық агенттік және «АЭО Кавказ» Аймақтық экологиялық орталығы болып табылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз