«Ерке қыздар» Ыстықкөлге барады

45

0

«Ерке қыздар» Ыстықкөлге барадыҚармақшы. Жуырда Алматы қаласында «Бейбiтшiлiк әлемi” Халықаралық Қазақ шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен «Happy new year–Бақытты жаңа жылыңызбен!» II-шi Халықаралық оқушылар фестивалi болып өтті. 
Осы фестивальға «Ерке қыздар» дуэтiнiң мүшелерi, кент орталығындағы №121 орта мектептiң 7 «Б» сынып оқушылары Фариза Каммунаева және Гүлдана Қуанышбекова сынды талантты жастар қатысты. Ендi жарыққа шығып жүрген «Ерке қыздар» дуэтi «Киелi мекен-Қармақшы» әнін жанды дауыста орындап, фестивальда көрсеткен ерекше дарыны және өнер саласына қосқан зор үлесi үшiн Гран-При Дипломы мен Алғыс хатқа ие болды. «Олар шiлде айында Қырғызстанда өтетiн «Ыстықкөлдiң жұлдызды жазы» атты балалар шығармашылық фестивалiне жолдама алды. Қазiргi таңда өнерпаз жастар оған үлкен дайындық үстiнде» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз