Еркін күрестен республикалық турнир өтті

58

0

Еркін күрестен республикалық турнир өттіҮстіміздегі жылдың 21-22 маусым күндері Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің күрес залында КСРО спорт шебері Дүйсен Смайыловты еске алуға арналған еркін күрестен 1998-2000 жылдары өмірге келген жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан  14 команда, 250 спортшы бақ сынады. Жарыс ұлдар арасында 10 салмақта, қыздар арасында 5 салмақта  өткізілді. 
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жеңімпаз атанған спортшылар: 35 келі: Бекзат Ермекбай (ОҚО), 38 келі: Мейіржан Байтаев (ОҚО), 42 келі: Ерболат Ізғалиев (Атырау обл.), 47 келі: Ардақ Таңатаров (Қызылорда обл.), 53 келі: Мұхтар Сейітов (Алматы қ.), 59 келі: Әлібек Әлібаев (Алматы қ.), 66 келі: Батыр Кенжебаев (Ақтөбе обл.), 73 келі: Әлішер Абай (Қызылорда обл.), 85 келі: Темірлан Нұрадин (Қызылорда обл.), 100 келі: Оразбай Сәдібек (ОҚО). 
Қыздар арасында 32 келіде Аяжан Маркашева (ОҚО), 38 келіде Асылзат Сағымбай (Қызылорда обл.), 42 келіде Жаннұр Жаңабаева (Қызылорда обл.), 47 келіде Толғанай Ермахан (ОҚО), +59 келіде Виктория Колобылина (ОҚО) чемпион атанды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз