Еркін күрестен қызылордалық палуандар 5 жүлде олжалады

44

0

Еркін күрестен қызылордалық палуандар 5 жүлде олжаладыҚарағанды қаласында еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысқан еркін күрестен 1998-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 200-ге жуық жас палуан белдесті. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған бәсекеде әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Жандос Бөрібеков пен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушы Серік Әбдімәуленов жетекшілік жасаған қызылордалық спортшылар облыс үмітін ақтап, жүлделі оралды. Олар тартысқа толы ел чемпионатында бір алтын, бір күміс, үш қола медальға қол жеткізді.

Атап айтсақ, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Асылзат Сағымбай (40 келі) ел чемпионы атанса, Зина Қыстаубаева (43 келі) күміс жүлдені иеленді. Аралдық Жаннұр Жаңабаева (43 келі) мен Айман Нұржаубай (65 келі) қола жүлдені еншіледі.

Ал ұлдар арасында сынға түскен Асқар Медине 76 келі салмақта үшінші орынға ие болды.
Қазақстан чемпионы атанған Асылзат Сағымбай үстіміздегі жылдың мамыр айында Үнді елінде өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз