Ерлан Қожағапанов: Қызылорда – футболы дамыған аймақ

54

0

Ерлан Қожағапанов: Қызылорда – футболы дамыған аймақҚызылорда қаласына
іс-сапармен Қазақстан футбол федерациясының Ерлан Қожағапанов бастаған
жетекшілері келді. Іс-сапар барысында отандық футбол басшысы аймақтағы
инфрақұрылым жағдайымен танысып, облыстық футбол белсенділерімен ашық кездесу
өткізді.

         Қызылорда облыстық футбол
федерациясының Президенті Нұржан Әлібаев құрметті қонақтарға аймақтық
федерацияның жұмыстарымен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып
берді.
–          
2013 жылы бекітілген
бағдарлама бойынша Қызылорда облыстық футбол федерациясының басты мақсаты –
инфрақұрылым мен балалар-жасөспірімдер футболын қолға алу арқылы облыста футбол
спортын жоғары деңгейге жеткізу. Осы орайда қалада балаларға арнап шағын футбол
алаңдарының құрылыстары қолға алынып жатыр. Өткен жылы №101 орта мектептің
ауласына заманауи талаптарға сай шағын футбол алаңы салынды. Жақында Илья Ильин
атындағы саябақтың ауласында да жаңа алаңның ашылуы болады. Сондай-ақ,
Қазақ-түрік лицейінде де осы тектес алаң салынуда. Былтыр жағажай футбол
аренасын пайдалануға бердік. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық футбол
федерациясының аясында өтіп жатқан турнирлердің 70 пайызын балаларға арнап
жатырмыз. Бұқаралық футбол да жоғары қарқын алып, қала және облыс біріншіліктері
ұйымдастырылып жатыр, – деді Нұржан Нұрмағамбетұлы.
      Одан кейін аймақтағы футбол
белсенділерімен болған кездесуде сөз кезегін алған отандық футбол басшысы Ерлан
Қожағапанов бірінші ретте Қызылорда облыстық футбол федерациясының жұмыстарын
атап өтіп, Сыр еліндегі атқарылып жатқан шараларды өзге өңірлерге үлгі етіп
көрсетуге болатынын айтты.
–          
Қызылорда – футболы дамыған аймақ. Мұнда футболды дамытуға барлық
жағдайлар жасалып жатыр. Аймақта 14 мыңнан астам бала аяқдоппен шұғылданады.
Қазір олардың сапасын арттыру маңыздырақ. Жасөспірім футболшылардың сапалы
дайындығын жүйелендіру қажет. Олардың дарындылығын анықтап, әрі қарай дамыту
керек. Олар келешекте еуропалық аренада ойнап, Қазақстан Ұлттық құрамасының
намысын қорғауға жағдай жасауымыз тиіс. Қызылорда облыстық футбол федерациясы –
жұмысы дұрыс жүйеге қойылған ұйым. Федерация президенті Нұржан Әлібаев та
аяқдоп өнерінің қыр-сырын жетік түсінетін көреген басшы. Әлбетте, Сыр елінде
атқарылып жатқан жұмыстарды біз өзге өңірлерге үлгі ретінде көрсететін боламыз,
– деді Ерлан Тоқтарханұлы.
      Бұдан
бөлек, Ерлан Қожағапанов бүгінде Қазақстан футболын дамытудың 2022 жылға
дейінгі бағдарламасы жасалып жатқандығын айтып, бұқарадан аталмыш бағдарламаны
бірге жасауға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз