Ерлан Тілеужановты еске алуға арналған турнир өтті

57

0

Ерлан Тілеужановты еске алуға арналған турнир өттіАрал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен №19 ОРМБЖ мектебінің сауықтыру кешенінде ерлер арасында баскетболдан спортшы Ерлан Тілеужановты еске алуға арналған аудандық турнир өтті.

Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл бірінші рет ұйымдастырылған жарысқа 10 команда қатысып, тартысты өткізілген ойын нәтижесінде І орынды Д.Қонаев көшесінің «Тельман» командасы, ІІ орынды №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі тәрбиеленушілерінің «Мұрат» командасы, ІІІ орынды №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубогымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз