Ерлігі жастарға үлгі

250

0

Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі, аудандық жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен 10 шілде күні 12 – тамыз Халықаралық жастар күніне орай Қазиев Ардақ Оразбекұлын еске алуға арналған «Жастар – салауатты өмір үшін» тақырыбында жастар арасында футбол жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты: Қазиев Ардақ Оразбекұлын еске алып, оның ерлігін жастарға үлгі етіп көрсету. Аудан жастарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартып, футбол ойыны негізінде олардың денсаулығын нығайту. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым – қатынасты нығайту. Спорт секциясына қатысатын жастардың шеберлік деңгейін арттыру. Аудан бойынша жергілікті жерлерде әр топ жасындағы үздік командаларды анықтап, оларды аудандық, облыстық, қалалық және Республикалық шешуші жарыстарға қатыстыру.  
Жарыста Аудандық мәслихат депутаты Гүлжауһар Раева, Ардақ Қазиевтың анасы Ержанова Гүлсара апамыз сөз сөйлеп, жастарға ыстық лебіздерін білдіріп, мерекелерімен құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі.  
Жарысқа 7 команда қатысып, І орынды «Сәтбаев» командасы, ІІ орынды «Б. Момышұлы» командасы, ІІІ орынды «121 мектеп» командасы иеленді. Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлығы мен алғыс хаттар табыс етілсе, жарыс барысында ерекше көзге түсіп, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Ахметов Сұңғат, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Ералиев Айдар марапатталды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Айдаров пен аудандық мәслихат депутаты, Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры М.Ибраев жеңімпаздарға Дипломдар мен бағалы сыйлықтар беріп, шараны қорытындылады.   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз