Ерлік үлгісін көрсеткен полицейлер марапатталды

73

0

Ерлік үлгісін көрсеткен полицейлер марапатталдыҚызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында операциясында қырағылығымен, ұтқырлығымен көзге түсіп, жанқиярлық көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылдың 26 қыркүйегінде Шиелі кентінде букмекерлік кеңседен қаруланған белгісіз азаматтың ірі сомада ақша ұрлағаны жайлы ақпарат түскен. Аталған оқиға бойынша Шиелі аудандық ішкі істер бөлімшесінің басшылығы және жеке құрамы қылмыскерді құрықтау үшін тез арада топ жасақтап, қолға түсіру операциясын жүргізді. Қызметкерлердің ұйымдасқан, ұтқыр әрекеттерінің арқасында қылмыскер ұсталып, букмекерлік кеңсе қожайындарына қолды болған ақшалары қайтарылды.

ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев ҚР ІІМ-нің марапаттау жайлы бұйрығын ресми түрде оқып, қылмысты ашуда жоғары шеберлік пен қырағылық танытқаны үшін «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Шиелі ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Дархан Исабекті марапаттаса, Шиелі ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Мақсат Сотбековке жаңа үлгідегі ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісін тақты. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету – әрбір патриоттың парызы екендігін ескертіп, М.Шохатаев ерен еңбектің ешқашан елеусіз қалмайтынын қадап айтты. Істеріне сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді. Өз кезегінде марапатқа ие болған тәртіп сақшылары «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» дей отырып, бейбіт өмір мен тыныштықты қорғап, міндеттерін мінсіз орындайтындарына сендірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз