
«Достар, бауырлар! Сәуір айының 11-нен 12-сіне қараған түні, Шымкент-Алматы тас жолында Ернар Айдар мінген көлік үлкен жол апатына ұшырады. Не себепті екені әлі белгісіз, Ернардың қазіргі жағдайы да құпия сақталып жатыр.
Бар білгеніміз, қазіргі уақытта өмір үшін күресіп жатыр! Өзгеріс немесе жаңалықтарды осы парақшаға салатын боламыз. Амандығы мен саулығы үшін дұға етейік», – деп жазылған парақша жазбасында.

Желі қолданушылары оның аман-есен сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, дұға етуде.
Айта кету керек, бұдан бір күн бұрын ол Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына жол тартқан болатын.
Ол желіге жолда түскен суретін жүктеп, өзін күтіп отырған әпкесіне гүл апара жатқанын көрсеткен.
«Ақмарал апау мен жолға шықтым. Қуырдақ дайын ба?», – деп жазған болатын әнші.