Ертең Рамазан айы басталады

55

0

Ертең Рамазан айы басталадыБиыл мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуы 27 мамырға сәйкес келмек. Осы ретте  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қасиетті айда өткізілетін іс-шараларға тоқталып өтті.
«Биылғы жылы Рамазан айы 29 күнге созылады. Осы қасиетті айда бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізілетін болады. Рамазан айының алғашқы күнінде халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы баннерлер ілінген тегін такси қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 28 мамыр күні аймақ өнерпаздарымен бірге Жарапазан айтылып, құрма тегін таратылады. Мұнан өзге кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттарын тарту арқылы  аймақтағы 700 тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі» – деді Талғат Омаров.
Жылдағы дәстүрге сәйкес биылғы Рамазан айында да аймақ мешіттерінде тарауих намазы оқылып, тегін ауыз ашар беріледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз